Текелідегі зиянды қалдық қоймасы көміліп жатыр. Қаладағы өндірістік қойманың жалпы аумағы 70 гектарға жуықтайды...
Бақтияр Өнербаев, Текелі қаласының әкімі:
– Ең маңызды мәселе – халықтың денсаулығы. Жауып тастағаннан кейін халықтың денсаулығына кері әсері мүлдем тоқтайды.
Жұмыс аяқталған соң өндірістік қоймаға жерді құнарландыратын көпжылдық шөп егіледі. Сөйтіп, экологиялық қауіпті аймақ жасыл желекпен көмкерілген жайылым жерге айналады.