ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ САУАЛНАМА. ТҮРКІСТАН 2024

ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ САУАЛНАМА ЖҮРГІЗІЛДІ. Түркістан 2024 15 тамыз – Қазақ даласын әнмен тербеткен сазгер, ән жанрының майталманы, қазақ вальсінің королі, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осы күнге орай қала тұрғындарымен Шәмші шығармашылығы және оның мұрасын қаншалықты білетіндерін тексеру мақсатында арнайы сауалнама жүргізілді. Әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алаған композитор 1930 жылы 15 тамызда қазіргі Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде қазақ музыка өнерінде ерекше орны бар 300-ге жуық музыкалық туынды жазған. «Отырардағы той», «Ақ бантик», «Ана туралы жыр», «Арыс жағасында», «Қайықта» және тағы басқа әндерін халық ерекше ықыласпен қабылдаған. ❓Ал сіз Шәмші атамыздың қандай өлеңін білесіз?
Back to Top