Шымкентте өз қыздарын аяусыз ұрған әйелдің ісі жұрттың жағасын ұстатты

Шымкентте өз қыздарын аяусыз ұрған әйелдің ісі жұрттың жағасын ұстатты. Қатты соққы алған екі жастағы бүлдіршін алған көптеген жарақаттардан қайтыс болды. Ал үлкен қызы ес-түссіз күйде ауруханаға түскен. Тоғыз ай көтерген сәбиін сабап өлтірген қанпезер ана, міне. Дауыстап жылай берген екі жасар бүлдіршінін уатпақ болып, қабырғаға лақтырғанын тәртіп сақшыларына берген түсініктеме кезінде мойындап отыр. Тас бауыр әйел тіпті өз баласын өлімші етіп ұрғанын да ашық айтады. - Вы признаётесь в совершённом?
Back to Top