Қар құрсауында қалғандар кімге өкпелі?

Ақтөбе облысына қараша жайсыз басталды. Қыс түспей жатып, жолдағы жағдай қиындады. Әсіресе, Самара-Шымкент бағытында. Үш тәуліктен бері жол бойында коллапс. Жүздеген көлік діттеген жеріне жете алмай, кемпингтерде түнейтін орын болмай қалды. Қазіргі жағдай қандай? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top