ҚАЗҰУ-ДА ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, оқытушы-профессорлар, білім алушы жастар қатысты. Мерекелік жиында оқытушы-профессорлар мен үздік қызметкерлер «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сіңірген ерен еңбегі үшін» үлкен Алтын және Күміс медалімен, «EREN ENBEGI USHIN» медалімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректорының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Back to Top