Құнарлы топырақты ұрлап жатыр

Алматыды құнарлы топыраққа көз тігушілер саны артып келеді. Өткен аптада ғана алма бағындағы ағаштарды түбімен орып, топырағын тонналап ұрлағандар әлі ұсталмай жатып, жекеменшік иелері өз жеріндегі топырақты заңсыз сатуға көшіпті. Енді оларға 10-нан 50 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Ал, табиғат жанашырлары топырақты қазып ақшаға кенелгендердің кесірінен мегополиске үлкен қауіп төніп тұр дейді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top