УКРАИНА РЕСЕЙГЕ БАСЫП КІРДІ — ДРОНДАР КРЕМЛЬДЫ ҚИРАТТЫ — ПУТИН БУНКЕРГЕ ТЫҒЫЛДЫ — АҚЫРЗАМАН КЕЛДІ!
Армысыз патша көңілді көрермен
Ресей халқы жойылып кетуі мүмкін иә? Әлемге 150 миллионнан көппіз деп көпіре сөйлейтін орыстардың саны, анығында қаншаны құрайды? Украина даласында 1 миллионға жуық орыс армиясы тас талқан болғандығы рас па? Кремльдың төбесінде ойнақтап, Мәскеудің үрейін ұшырған дрондар туралы не дейміз? Мұны сізге Білген дұрыс
Әй, көрермендер. Ыстықтай кезінде видеомызға лайктарыңызды басып басып, арнамызға ойланбастан тіркеліп, кішкентай ғана қоңыраушаны шиқылдатып қойсаңыздаршы. Сол да қиын ба? Сіздердің белсенділіктеріңіз бізді сөзсіз шабыттандырады кеттік ендеше
Ресейдің 200 мың адамдық тұрақты армиясы 2022 жылы ақпаннан қыркүйекке дейін жеті айда Украина жерінде толықтай жойылды. Қыркүйектің 21-де Ресей амалсыз ішінара мобилизация жариялап, резервтік армиясын соғысқа сала бастады. Тура 30-мамырға яғни бүгінгі күнге дейін московиттер 207 440 солдаты мен офицерінен, 3802 танкісінен, 3445 артиллериялық жүйесінен, 313 ұшағынан, 298 тікұшағынан айырылды.
Әдетте соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан бір адамға үш жаралыдан келеді. Осы тұрғыдан есептесек, Ресей тарапының 600 мыңнан астам солдаты мен офицері жаралы болып қатардан шыққан. 100 мыңға тарта адам хабар-ошарсыз кеткен. Қаза тапқан әр солдатының отбасына 7 млн рубльден төлем төлейтін Ресей үшін солдатының өлгенінен гөрі ақша төленбейтін хабар-ошарсыз кеткені әлдеқайда тиімді. Сонда 200 мың өлгені, 600 мың жаралысы, 100 мыңнан астам хабар-ошарсыз кеткен бар, бәрін қоссақ, Ресейдің Украинамен басқыншылық соғысында 900 мыңнан астам адамы шығын болған. АҚШ Президенті Джо Байденнің айтуына қарағанда Ресей тек Бахмут үшін ұзаққа созылған шайқастарда ғана 100 мыңнан астам әскерінен айырылған. Путин режимі өз халқы үшін қиындықтан қиындық туғызуда.
Соғыс Ресейдің адам және техникалық ресурстарын жеп жатыр. Мобилизация кезінде адамдарының шет елдерге қашқаны көз алдымызда. Әншейінде Ресей халқы 142 млн деп мақтанғанда кейбіреулер жарылып кете жаздайды. Ал іс жүзінде одан әлдеқайда аз сияқты. Егер халқы соншалықты көп болса 300 -500 мың әскер жинап алу еш қиынға түспес еді. Ал әскер жинау өте қиынға түсіп жатыр. Әскерге түрмедегілер, мектептің жоғары сынып оқушылары, әйелдер тартылуда.
Осыдан оншақты жыл бұрын Ресейдің федеральдық статистикалық комитеті төрағасының орынбасары болған бір әйел «Ресейдің халқы 69 млн» деп қызметінен ұшып кеткен. Одан кейін Ресейдің ЗАГС ұйымы орталық аналитикалық орталығының қызметкері Екатерина Улитина 2010 жылы 1-маусымда Ресейдің халқы 89 млн 654 мың 325 адам деп нақты дерек бергені бар. Сарапшылар сол кездің өзінде-ақ таяу 10-15 жылда Ресей халқы 40 млн-ға азаяды деген болжам айтқан. Өйткені жыл сайын елдегі өлім туылымнан екі есе жоғары. Бірақ Ресей тарапы мұндай демографиялық есеп-қисабын мұқият жасырып ұстауға тырысады. Ал біздің есебімізше қазір Ресейдің халқы 70 млн-ның ар жақ, бер жағында ғана!
Қазір әрине, қарша бораған оқты кеудемен жабатын заман емес. Технология заманы. Бүгінгі сағат сайын жаңаланып отырған ғылым-техника бәсекесінде бір кездері айға адам ұшырған орыс ғылымының бәсекеге ілесе алмай қалғаны анық білінуде. Мамыр айының басынан бері орыс билігінің жүрегі саналатын Мәскеудің саяси элитасы орналасқан Қызыл алаңы мен бизнес элитасы орналасқан қымбат аудандарын бұлт емес, дрондар (ұшқыссыз ұшақтар) иектеп алды. Ай басындағы Кремль төбесінде атып түсірілген екі дронға қарағанда, сейсенбі мамырдың 30-ы күні орыс астанасының көгінде ойнақ салған дрондардың саны да, салмағы да ересен болды.
Қызыл алаңға шабуылдан өш алу, жеңіс күнінің айбынын асыру мақсатында мамыр айының басынан бері орыс тарабы Киевпен өзге Украина жеріне 17 рет қуатты әуе шабуылын жасаған. Бір жылдан астам соғыс зардабын шеккен Киев тұрғындарының құлағы әуе қорғаныс дабылына үйренгелі қашан?! Олармен салыстырғанда қарғадай қаптаған дрондардың шабуылын видеоға түсірген Мәукеу тұрғындарының қандай күйде болғаны айтпаса да түсінікті. Путиннің «арнаулы операциясының» бір реткі жәй әскери қимыл емес, нағыз соғыс екеніне, оның зардабының ауыр боларына көздері жеткені анық.
Соққы қуаты әлсіз Мәскеуге жасалған дрондар шабуылын әр тарап әр түрлі түсіндіргенімен символдық мәні өте жоғары болып тұр. Шабуылдың Мәукеу халқы мен элитасын тіксіндіріп, билік араздығын ұлғайтып, қай жағынан болса да Украина тарабының пайдасына жазылып тұр. «Вагнер» атаманы Пригожин әдеттегідей «айтпадым ба?!» деп Путиннің қолбасшыларына шүйлікті. Ресей президенті де «алда істелетін жұмыстар көп» деп, Мәукеудің әуе қорғанысының қазіргі жүйеге бейімделмегенін мойындағандай болды. Әскери мамандар Ресейдің радар жүйесінің «қырғи қабақ» соғысы кезіндегідей бомбылаушы ұшақтар мен ауыр оқтұмсықтарды ғана назарға алып отырғанын айтуда. Дрондар құстың көлеміндей көрінген де, радар бір топ торғай ұшып жүргендей қабылдаған.
Мақала авторы Есбол Үсенұлы
Сіз үшін Білген дұрыс
1 view
1216
319
3 months ago 00:08:27 1
Лукашенко Қазақстанға неге тиісті? Ол “Путиннің ойын“ айтты ма?
7 months ago 00:13:18 1
Қазаққа қауып төне бастаған ба? | AL QONYR-KZ
1 year ago 00:06:28 1
УКРАИНА РЕСЕЙГЕ БАСЫП КІРДІ — ДРОНДАР КРЕМЛЬДЫ ҚИРАТТЫ — ПУТИН БУНКЕРГЕ ТЫҒЫЛДЫ — АҚЫРЗАМАН КЕЛДІ!
1 year ago 00:11:03 1
Ресейдің жынын қоздыратын зымырандарды Қазақстан алмақшы?! #армия #казахстан #ресей #қазақстан #впк
2 years ago 01:22:23 1
Ресейде мобилизация тоқтады ма? Амангелді Құрметұлы | KZПульс
2 years ago 00:43:11 2
Видео от Nazarbayev University | Назарбаев Университеті