Көріпкел. Тұмар

Тұмар зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы. Тұмар сөзінің этимологиясы көне түркі тума және йер тіркесінен “туған жер“ мағынасын береді. Яғни, көне түркілер тұмарға туған жердің топырағын салып жүрген. Ислам дінінің әсерімен, тұмарға туған жердің топырағын салу ығыстырылап, орнына құран аяттары жазылған қағаз салу белең алған. Тұмарды әдетте діни ғұламаларға жаздырып алып, былғарымен қаптап, бойға тағып жүреді.
Back to Top