«Сыпайы» аллигатор есіктегі қоңырауды баспаққа әрекеттенді.

Америкалық Оңтүстік Каролина штаты Монкс Корнер қаласында аллигатор тұрғын үйге кірмек болған. Оны көрші үйдің иесі байқап, видеоға түсірді. Гэри Роджерс желіге орналастырған видеодан аллигатор кіретін есікке қарай бағыт алғаны және есіктегі қоңырауға ұмтылған сияқты кейпін көруге болады. Үй иесі Джеми Бэйли баспанасына оралғанда есігіндегі сызықтарды байқады. Куәгер болған жайды жергілікті телеарнаға хабарлады. Оның ойынша, аллигатор бассейнге бармақ болған, деп жазды .
Back to Top