Қоғамда қызу талқыға түскен тәртіп сақшысының тағдырына қатысты сот отырысы аяқталды

Жамбылда қоғамда қызу талқыға түскен тәртіп сақшысының тағдырына қатысты сот отырысы аяқталды. Шу аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Оспановқа бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Әу баста төрт бап бойынша істі болған тәртіп сақшысын Меркі аудандық соты үш бап бойынша ақтап шықты. Тек күдіктіні заңсыз қамауға алу дерегімен айыпты деп тапты. Алайда, сотталушының жақындары мұнымен келіспейді.
Back to Top