Мақпал Диханбаева - Ауылым әнім

Мақпал Диханбаева - Ауылым әнім Қайда жүрсем, туған жерім Сен есімнен шығармысың! Жастық дәурен құрған жерім Көз алдымда тұрармысың! Ғашық едім қыр гүліне Қызық-тойым сенде өтеді Сенде өткерген бір күніме Дүниеде не жетеді! Сүйем таныс жолдарыңды Саған бастап әкелетін Сүйем жасыл талдарыңды Жанға ләззат әперетін Сүйем айна көлдеріңді Мөлдіреумен қарайтұғын Сүйем белес-белдеріңді Таң сәулесі тарайтұғын Саған жырдан - сый арнағам Қиял құсын қуған жерім Туған жерін сүйе алмаған Сүйе алар ма туған елін! Ауылымнан аттанарда Алтын аймақ ән салады Жол тынымсыз тартқан алға Жүрегімді нұр шалады Жаңа музыкалық арна 100% қазақ тілінде. Қызықты бағдарламалар, ескімізді еске алу, жаңамызды жаңа деңгейде көрсету. @ Жұлдызың жаныңда болсын ағайын! Zhuldyz TV-ән мен әнші, бейнебаяндар мен музыкалық жобалар, тұсаукесерлер! #МақпалДиханбаева #АуылымӘнім #zhuldyztv
Back to Top