Ақтауда ішінде тірі жан болмаған мектептегі дауыстар күзетшіні шошытты.
Ақтау тұрғындары желіде жергілікті мектеп күзетшісі түсірген видеоны таратып жатыр. Бейнежазбада бір түрлі дауыстар естіледі деп жазады «Лада» басылымына сілтеме жасаған .
Ғаламтор кеңістігіне тарап кеткен видеодан күзетшінің түнгі сағат он екіде білім ордасындағы дәліз бен кабинеттерді тексеріп жүргенін көруге болады.
Тексеру барысында ер адам балалардың дауысына ұқсас бір түрлі дауыстарды естиді. Автордың сөзінше, бұл уақытта мектепте ешкім болмауы тиіс.
Бейнежазбада күзетші дауыстар шыққан жаққа қарай барып, “мұнда кім бар?“ деп айқайқалаған сәті бар. Бұдан кейін дауыстар басылып қалды.
21 view
965
354
5 years ago 00:03:07 21
Ақтауда ішінде тірі жан болмаған мектептегі дауыстар күзетшіні шошытты.