Березовка ауылындағы жағдай одан сайын ушығып барады

Еліміздің батысындағы Березовка ауылындағы жағдай одан сайын ушығып барады. Есінен танған тағы екі бала ауруханаға түсті. Өз-өзін жайсыз сезінген тұрғындарды жаппай есінен тандырып жатқан қандай тылсым күш екені белгісіз? Болжам көп, бірақ нақты диагноз жоқ әлі. Ал, жұмбақ дерт күннен-күнге өршіп келеді. Шенеуніктер болса, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге асығар емес.
Back to Top