Петропавлда жаңа мектеп қолданысқа тапсырылды

Петропавлда су жаңа мектеп қолданысқа тапсырылды. Уәлиханов көшесінің бойында тұрғызылған оқу ұясы 900 орынға шақталған. “IT“ бағытындағы оқу ошағына ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың аты берілді. Білім күнінде нысанмен облыс әкімі Құмар Ақсақалов арнайы барып танысты.
Back to Top