Алматыда алапат өрттен тауарлары жанып кеткен саудагерлер шығындарын есептеп жатыр

#КТКжаңалықтары Алматыдағы әйгілі Барахолканың маңында тағы да өрт! Бұл жолы «Адем» сауда орталығының артындағы қоймалардан өрт шыққан. Алаулан жалын бірнеше шақырым жерден көрінді. От 3000 шаршы метр аумақты шарпып, талай адам тауарынан айырылды. Ал ғимаратта түрлі тауардан бөлек бірнеше кеңсе орналасқан екен. Тілсіз жаумен күреске қаланың барлық өрт сөндірушілері жұмылдырылған. Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз. #Алматы #өрт
Back to Top