семинар тренинг

2018 жылдың 12 сәуірінде “Ұстаз“ оқыту орталығының және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен “Үштілді білім беру моделіне кқшу аясында инновациялық тәсілдерді пайдалану“ тақырыбында облыстың білім мекемелерінің басшыларына арналған әдістемелік семинар өткізілді.Семинар жұмысына 180 адам қатысты. Семинардың мақсаты: Әлемдік білім беру сапасына ену. Семинар практикалық кезеңінде дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ“ мектеп-интернатының биология пәнінің мұғалімі Эрбен Өзкан “Genetics“, информатика пән мұғалімі Жумадиллаев Эльдар “Arduino programming“, физика пәнінің мұғалімі Ажибаев Жамбыл “Elastic potential energy“, математика пәнінің мұғалімі Зайтунов Шыңғыс “Sum to product“, химия пәнінің мұғалімі Рыскулов Нурсултан “Oxides“ тақырыбында ашық сабақтар өтті.
Back to Top