Қазіргі кезде қоғамдық транспорттың кесірінен көлік апаты жиі орын алады. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін қаламызда жедел-алдын алу «Автобус» іс шарасы басталды. Аталған акцияның мақсаты қоғамдық транспорт жүргізушілер арасында заң бұзушылықты анықтау. Әрбір автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау кезінде мұқият болуы тиіс.