Нан бағасын тұрақтандыруға бюджеттен қосымша қаражат қарастырылады

Батыс Қазақстан облысында азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын молайту мақсатында 274 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазір осы қаржы есебінен өсімдік майы, күріш, жуа және картоп секілді бірінші кезекте тұтынуға жатқызылатын өнімдер сатып алынған. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірде нан бағасын тұрақтандыруға республика бюджетінен қосымша тағы 251 миллион қарастырылмақ. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын арзандату мақсатында ұйымдастырылған азық-түлік жәрмеңкелері көкөніс пен ет өнімдерінің бағасын 15 пайызға дейін арзандатуға мүмкіндік жасады. Осы саладағы тағы бір маңызды қадам ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу 
Back to Top