Қиын жағдайқа тап болған Арыс халқы жыл соңына дейін салықтан босатылады. Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті осындай шешім қабылдаған. Осылайша, «тоғыз жолдың торабындағы» тұрғындардан салық өндіріп алудың мәжбүрлеу шаралары мен тәсілдері қолданылмайды. Бұдан бөлек, тіршілік қайта жанданып жатқан Арыс арқылы пойыздар қайта жүре бастады. Ал полицейлер қысылтаяң кезде жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіргендердің әрекетіне құқықтық баға беруде.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан