Бала денінің саулығы ең біріншіден анасына байланысты

2012 жылдан бері қыркүйектің үшінші жексенбісіне Қазақстанда Аналар күні тойланады. Бұл мереке ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілді. Ол белгілі бір күні қазақстандық аналарды отбасының жылуы ретіндегі қадірін бағалап, қастерлеп, құрметтеуге арнауды ұсынды. Халқымызда “Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді“ деген қанатты сөз бар. Бала денінің саулығы ең біріншіден анасына байланысты. Біз бүгін екі сүйкімді сәбидің анасы Назым Исмаханбетпен әңгімелестік. Ол баланы дәрігерге қаратпай, өзі емдеудің қаупі қандай екені туралы, дәрігердің нұсқауын орындап, баланың денсаулығына жауапты болудың маңызы қандай екені жайында өз пікірін айтты.
Back to Top