Шахтадағы апаттың себебі: Еңбек тәртібі бұзылып, жұмысшылар улы газға тұншыққан

Ақтөбе мыс компаниясының шахтасындағы кеншілердің өліміне не себеп болғаны анықталды. Үш апта бойы тексеру жүргізген мемлекеттік комиссия бүгін тексеру қорытындысын жариялады. Аймақтың бас еңбек инспекторы апатқа кәсіпорында жұмыстың дұрыс жолға қойылмағаны, жұмыс берушінің қауіпсіздік ережелері мен еңбек тәртібін бұзуы және жұмысшылардың салғырттығы себеп екендігін айтты. Олар улы газға тұншыққан. Комиссия апат болған сәтте кәсіпорындағы желдеткіш шахтасы жұмыс істемей тұрғанын да айтты. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top