Жаңадан салынған үйлер құлағалы тұр

Шымкенттегі шағын аудандардың бірінде 30-ға жуық тұрғын үй құлауға шақ тұр. Пайдалануға берілгеніне небәрі 3 жыл болған баспана жылдан жылға тозып барады дейді біздің арнаға шағымданған пәтер иелері. Жұрт сапасы сын көтермейтін пәтерлерін 20 жылға ипотекаға сатып алған. Ал, мердігер компания сыннан қорытынды шығарудың орнына кепілдік мерзімі аяқталғанын айтып, ақталып әлек. Сондықтан бүгін ашуға берілген жұрт көшеге шығып, наразылықтарын білдірді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top