«Ағалар мен әпкелер күні» спартакиадасы

Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі – халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана оқушылары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шаралар аясында «Жанұя мүшелерінің күні» жобасы бойынша «Ағалар мен әпкелер күні» аталып өтті. Шараны ұйымдастырушы тәрбиешілер дене тәрбиесі мұғалімдерімен бірлесе отырып спорт алаңында қызықты ойындар ұйымдастырды. Спорттық шараға 6 топтың оқушылары, олардың аға-әпкелері қатысты. Олар өз топтарын таныстырып, ұрандарын айтты. Спорттық сайыста төрешілер жатақхана меңгерушісі Гүлнар Наженқызы, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Артем Николаевич, ата-ана Калауов Алмат сайысқа қатынасушылардың әр қимылын жіті бақылап, әділ бағасын берді. Топты жарып үздік шыққан «Альтаир» тобы «Ең үздік топ» номинациясын иеленді. Аға-әпкелердің салауатты өмі
Back to Top