Ақмола облысында жайылымды жеке компаниялар иеленіп алған

#КТКжаңалықтары Жайылымға зар ауыл! Ақмола облысындағы Қима ауылының тұрғындары мал бағатын жердің жоқтығына наразылық білдірді. Тұрғындар сөзінше, ауыл маңындағы жайылымды егіншілікпен айналысатын жеке компаниялар иеленіп алған. Малмен жан бағып отырған 2600 тұрғын, төрт түлігін қайда бағарын білмей дал. Қималықтар бұған дейін Жақсы ауданы басшыларына да талай шағымданған. Алайда, олар кәсіпкерлер ісіне араласа алмайтындарын айтады. #Ақмолаоблысы #жайылым #мал #жекекомпаниялар
Back to Top