Ақтөбеде полиция наразылардың жиналуына мүмкіндік бермеді
Азаттықтың аймақтағы тілшісінің хабарлауынша, Ақтөбеде полиция түстен кейін наразылардың орталық стадионға (Әблязов “митинг орны“ деп белгілеген) жиналуына мүмкіндік бермей, келгендерін бір-бірден әкетіп отырған. Күндізгі сағат 14:00 шамасында (Нұр-Сұлтан уақытымен түскі сағат 3:00) Азаттық тілшісі 10-нан астам адамның ұсталғанына куә болды. Наразылар пікірлерін айтып та үлгермеген. Ақтөбе полициясы оқиғаға түсініктеме бермеді.
Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы өтіп жатыр. Оған 5 партия қатысып жатыр, бірақ арасында оппозициялық партия жоқ. Заң бойынша, сайлауға ресми тіркелген саяси партиялар ғана қатыса алады. Саяси сарапшылар билік “оппозициялық алаңды тұтас тазартты, белсенділерді қудалады“ деп санайды.
1,538 view
34
7
5 months ago 00:02:56 1
Ақтөбеде 3 адамды пойыз қақты
7 months ago 00:02:28 1
Ақтөбеде биыл 4 адамды пойыз қаққан
1 year ago 00:01:33 1
“Қауіпсіз жол“ акциясы өтуде
2 years ago 00:02:32 109
Ақтөбеде Қаңтарға байланысты ең ауыр жаза алған Исаевтың ісі
3 years ago 00:01:11 1
Ақтөбеде наразылар әкімдікке кіруге талпынып жатыр, полиция жас ағызатын газ қолданды
4 years ago 00:02:26 1
«Көмектесіңдер...» Балаларын лас пәтерде ас-сусыз ұстаған әйелдің әрекеті әшкере болды
4 years ago 00:03:11 7
Ақтөбеде мектеп дәретханасында 7 жасар баланы зорлаған