Алматы облысының арнайы жасақ тәртіп сақшылары «Қамқордағы» балаларды мерекемен құттықтады

Алматы облысы ПД Оқу-жаттығу взводының полицейлері «Балалар құқығын қорғау күні» мерекесіне орай «Қамқор» арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығына барды. Арнайы жасақ мүшелері ұжымымен орталықтағы балаларды мейрамдарымен құттықтап, оларға бағалы сыйлықтарын табыстады. «Балалар күні» мерекесінде балалрға қуаныш пен күлкі сыйлау – біз үшін асқан бақыт. Бүгінгі әрекетіміз теңіздің тамшысындай ғана екенін білеміз, өйткені ата-ананың қамқоры мен мейірімінсіз өсіп жатқан балаларды көргенде жүрегің қан жылайды.
Back to Top