Жедел жәрдем науқастарға велосипедпен барып жүр

Балалар жақсы көретін “Маша мен аю“ мультфильміндегі жедел жәрдем көлігі естеріңізде ме? Қазақстанның көшелерінен қызметте жүрген сондай ескі УАЗикті көріп, күліп едік қой. Әлеуметтік желіге “қырдағы қасқырлардан тартып алыпты“ деп тозығы жетіп шіри бастаған жедел жәрдем көлігінің суретін жүктеді ғой. Олардікі қайта Қызылорда облысымен салыстырғанда жақсы екен. Шиелі ауданында шұғыл бригада шақыртуларға велосипедпен баруға мәжбүр. Тартоғай ауылының ақ халаттылары нағыз тар жолда тайғақ кешіп жүр қазір. Олар Маша туралы мультфильмдегі қасқырлардың шіріген көлігіне де зар. Қысқасы, жеделі кетіп жәрдемі ғана қалған 103-тің өзіне шұғыл жәрдем қажет! 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top