Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырды

Бекболат Тілеухан коронавирус жұқтырып алды. Мәжіліс депутаты өзінің науқас екенін әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған. Бастапқыда үйінде ем алып бастаған ол, қазір ауруханаға жатқызылыпты. Вирус демекші, елімізде осы инфекция бір күнде 944 адамнан табылды. Әсіресе дәрігерлер аталмыш індетке көп шалдығып жатыр. Мұның бәрі қауіпті ескермей, аурудан сескенбей жүргендердің кесірі дейді, мамандар. Қорқынышты статистиканың соңы тағы да карантин талаптарының күшейтілуіне алып келе ме? 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Back to Top