Филология факультеті І “Декан Кубогі“

2015 жылдың 31 қаңтар мен 1 ақпан күндері Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетінде, кіші деканатының ұйымдастырумен «Конгресс» дебат клубының қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай және Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын насихаттау мақсатында филология факультетінің «Декан кубогіне» арналған қалалық пікір – сайыс турнирі өткізілді.
Back to Top