ЖАРАПАЗАН – НАСИХАТ ЖЫРДЫҢ ТӨРЕСІ
Хақ дінді қабыл еткен соңғы мың жыл ішінде Ислам өркениеті аясында өмір сүрген Алаш жұртының тіні нәрленіп, діні арайланып, таным көкжиегі кеңейіп, әдет-ғұрпы шариғи рең алып, оған тұрмыс-салты қоса түрленіп, діни жыр-дастандары мен сөз өнері байи түсті. Ер-Түркінің қылыштай өткір, барыстай батыл жауынгерлік рухына шариғат құндылықтары ізгілік пен мейірімділіктің сәулесін себезгілеп, халықтың кенеуі кенішке толып, кеудесі нұрға малынды.
Иә, тұма-қайнардан қуат алып, қанаттанған қағанат мирасқорларының салт-дәстүрі мен мәдениеті жылдан жылға қаз-қаз басып алға жылжыды. Хақ дінді төл нанымы мен тұтымына айналдырған Алаш баласы халықтың рухани сұранысына қарай өзіндік уағыз-насихат айту дәстүрін, өз діни мектебін қалыптастырды. Ер-түріктің ұрпақтары Хақ дариясынан сусындап, шөлін басып ғана қойған жоқ, мұсылман өркениетіне де қал-қадерінше өз үлестерін қосты.
Задында, Тәңір-Тағала бағзыдан Қазақ халқының бойына батырлықтың, таңдайына шешендіктің ұясын салған. Бұл сөзімізге
738 views
333
92
7 months ago 00:10:52 1
Чубак Сатаевдин элесине арналат
11 months ago 00:04:21 6
Рамазан Камбиев.Посвящение Артуру Митиняну - Дежа вю (муз. и сл.Р.Камбиева)