АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ВОЛОНТЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЕШ ТОЛАСТАҒАН ЕМЕС.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ВОЛОНТЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЕШ ТОЛАСТАҒАН ЕМЕС. Бірі қарттардың бау-бақшасына қарасса, енді бірі бетперде тігіп, оны тұрғындарға тегін таратты. Олар тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарына да белсенді атсалысып жүр. Алматы облысында 1300-ге жуық мүшесі бар жиырмадан астам еріктілер ұйымы әрекет етеді. Осыдан біраз уақыт бұрын фронт-кеңселері құрылып, бірыңғай іс-шаралар жоспары бекітілді. Волонтерлер карантин кезінде де әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік тасып, танымдық онлайн-курстар ұйымдастырумен де айналысады. Жұмыстан бос уақытта жалғызілікті кейуаналарға көмектесіп жүрген жастар да аз емес.
Back to Top