Аза сататындар кбейді

Абылай Домбайдың халықаралық қылмыстық топқа қатысы бар ма? Еске сала кетейік, белгілі дәрігер, трансплантолог адамдардың ішкі органдарын сатты деген күдікке ілініп қамауға алынған болатын. Атышулы дауға орай еліміздің денсаулық сақтау ведомствосы іске нүкте қойылмайынша, дәрігерлерді қамап ұстауға болмайды деп араша да сұрады. Заңгерлердің пайымынша гиппократқа ант берген ақ халаттылар заңнан биік емес. Тергеудің мәліметтеріне сәйкес, тағылған кінә дәлелденсе Домбай мырза оңбайын деп тұр. Қырғызстан, Украина және Өзбекстан азаматтарының ішкі органдарын заңсыз ауыстырыпты деген ауыр айыптаулар бар. Есте болса биыл мамыр айында Астаналық трансплантолог Ғани Құттықадам да құрықталған еді. Аңдағанымыз адам ағзаларының саудасы жүріп тұрған сияқты. Парадокс. Адам жанына арашашы болуы тиіс ақ халаттылар адамның өмірін ақшаға телгені қалай. қазақ мұны бір кем дүние дейді. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top