Жігіттердің əңгімесі.
Заманнан ба,
Адамнан ба білмедім,
Айналамнан шаршап қазір жүргенім.
Жігіттердің əңгімесі бүгінгі,
Намысыма тиетіндей бір менің.
Айтатыны қыздар жайлы баяғы,
Баяғының белгілі ғой аяғы...
Таңдайынан сондай бос сөз төгілер,
Маңдайына тимеген соң таяғы.
Мақтаныш па көп қыздарға барғаны,
Ғашық етіп жанын жаулап алғаны.
Керісінше сол қыздарды қорламай,
Қорғайтұғын ер жігіттер қалмады.
Қазақ қызы - қарындасың, өз əпкең,
Жүрегіңе жетпес осы сөз, əттең!
Жігіттер-ау, сол жандарды алдасаң,
Алла түбі азаптайды тозақпен.
Айтар болсаң айтшы сөздің дұрысын,
Құрғыр нəпсің үлгі болар кім үшін?
Ұлтымыздың болашағын ойлайық,
Кеңейтетін қазағымның тынысын.
Елдің жайын,жердің жайын батыл айт,
Достарыңа сүбелі сөз, нақыл айт.
Арулардың аңдығанша етегін,
Сол етегін қымтасын деп ақыл айт.
Биік болсын бойыңдағы ар құны,
Алла өзі асқақтатар арлыны.
Жігіттердің əңгімесі түзелсе,
Қыздарымның түзеледі тағдыры.
Тек біздерге байланысты барлығы!
Торғайлық ақын - Саят Əбенов
3,641 views
1064
270
2 months ago 01:49:57 1
Защо Русия нападна Украйна, а как войната ще завърши: според автора на книгата “Войната“ Боб Удуърд?
2 months ago 00:08:28 1
Немецкая САУ Насхорн Хорниссе. Бронетехника Второй Мировой. Немецкие САУ и Истребители Танков
3 months ago 00:05:31 1
Английский истребители СОВЕТСКИХ танков - FV4005 Stage I и II. Британский исполин
3 months ago 00:27:57 1
Капитализм уничтожит мир или спасёт? #спецмонолог с Олегом Комоловым
3 months ago 00:17:45 1
ГАИ САО кладет на законы, приказы и ПДД и граждан. Береговой, Качнов, Песков.