ҚР Президенті: 15 қаңтарда үндеу жасаймын.

ҚР Президенті: 15 қаңтарда үндеу жасаймын. Тәуелсіздіктің 30 жылында ел дамудың сан қырлы кезеңінен өтті. Алда да бізді елеулі өзгерістер күтіп тұр. Қандай жаңашылдықтар болады? Осыған орай Президент қаңтардың 15-інде арнайы үндеу жасайды. Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Реформалар дайындалып жатыр. Реформалар тоқтап қалмауы тиіс. 15 қаңтарда Парламентте сөз сөйлеп, оның ішінде Мәжілістің жаңа құрамына да үндеу жасаймын. Одан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп, онда реформалар мәселесіне қатысты өте салмақты әңгіме қозғалады.
Back to Top