«Балпық би» қойылымының премьерасы өтті.

Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Балпық бидің 325 жылдығына орай Әскерхан Ақтайдың «Балпық би» қойылымының премьерасы өтті. Қойылым көптің көңілінен шығып, авторлары мен орындаушылары қошеметке бөленді. Театр басшысы бірер күннен кейін осы қойылыммен аудан-ауданды аралап, шалғайдағы ауыл тұрғындарының назарына ұсынуды жоспарлап отырғандығын хабарлады.
Back to Top