[QAZ SUB] SHINEE - GOOD EVENING

Shinee – Good evening Менің жүрегімде ерекше орынды Шайни тобы алады. Себебі, алғашқы кәріс тілінде естіген әнім осы топқа тиесілі. Ол – «Because I love you» әні. Барлықтарыңызға мәлім, өткен жылы желтоқсан айында Корея индустриясының жарық жұлдызы Ким Джонхен о дүниеге аттанған болатын. Барлық кей-поп әлемінің жұлдыздары мен жанкүйерлері үшін ауыр сәттер мен естеліктердің бірі болып табылады. Ким Джонхен әрдайым жүрегімізде. Дәл осы үндеумен Шайни тобының бізбен бірге қалған 4 топ мүшелері осы үнтаспаны жарыққа шығарды деп ойлаймын. Үнтаспаның басты әні – «Good Evening». Мейлі әннің мәтіні бізге махаббат жайлы айтып жатса да, бейнебаяннан байқайтындарыныздай, әннің мағынасы тереңде жатыр. Минхо, Онью, Ки, Тэмин әрдайым жандарында бос орынды қалдырғандарын, тек мен ғана байқамадым деп ойлаймын. Бұл орын күмәнсіз Ким Джонхенге тиесілі. Шайни және шаволдар оны шексіз жақсы көреді. Бірақ, ары қарай өмір әлі жалғасу қажет. Джонхен де осыны қалайтын еді. Сіздердің назарларыңызға, Shinne – «Good evening» әнінің қаз
Back to Top