Өмір үшін бақталас

Өмір үшін бақталас Ұяларын енді ғана тастап шыққан теңіз игуанасының алдында үлкен сын бар. Кесірткенің бұл түрі су маңын паналайды. Ал теңіз жағалауына апаратын жалғыз жол жылан ордасы арқылы өтіп жатыр. Рейсер жыланы ерекше сақ, әрі жылдам. Бірақ көздері дұрыс көрмейтіндіктен олар тіліне сенеді, оны қайта-қайта шығарып, кез келген қимылды бағамдайды. Игуана сабыр сақтап, тапжылмай тұрса, олар оны байқамай да қалуы мүмкін... Бірақ бұл жолы емес! Қашу керек, жас игуана өмір сүруі үшін тоқтамауы керек. Сәл кідірдің бе, біттің дей бер. Аш жыландардың қорегіне айналасың. Қиын-қыстау кезде ең маңыздысы үміт оты сөнбесін, осы қасиет түбінде тығырықтан шығар жол табады. Алға жетелейді, құлатпайды... Бұл өміршең қағиданы ұстанған тіршілік иесі өмір үшін күресте қалай да жеңеді! Video credit by BBC, Planet Earth II
Back to Top