Өмірзая

«Өмірзая» көркем фильмінде қазіргі қазақ отбасындағы дәстүрлі емес теріс діни ағымдардың кесірінен болып жатқан трагедия бейнеленеді. Атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық құндылықтарды насихаттайды.Негізі бұл 5 бөлімнен тұратын көпсериялы жоба. Фильм облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша түсірілген және жастарды дәстүрлі құндылықтардан бас тартқызып, экстремистік ұйымдарға алдап шақырғандардың шынайы бет бейнесін әшкерелейді. Картинаны түсіру барысында «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» және жалпы Қанат ЖҰМАҒҰЛОВ бастаған теолог мамандары кеңесші ретінде қатысқан.
Back to Top