Араларыңда біреу жаман нәрсеге тәуелді болса, ол нәрседен дәл қазір бас тарта аласың! Сен “мен оған тәуелдімін, оны тастай алмаймын“,- демеуің керек. Алдымен өміріңе өзгерістер еңгізуің керек.
Мүмкін араласып жүрген достарыңды өзгертуің керек шығар. Мүмкін телефон нөміріңді ауыстырған дұрыс шығар. Мүмкін тұрып жатқан жеріңді өзгертуің керек болар, егер мәселеңе тұратын жерің себеп болса...
Сондықтан өзіңнің жаман әдеттеріңді саралап отыруың керек! Оларға себеп сенің достарың ба? Онда күнәға себеп болатын достарыңмен қарым қатынасыңды доғар! Егер тұрып жатқан жерің болса, ол жерден көшіп кет! Егер ол мәселе (порнография т.б.) мүмкін ғаламтор қолдануыңнан болса, онда оны қолданба немесе ғаламтор қолдануыңды қадағалау үшін жақыныңнан көмек сұра!
Күнәнің себебін анықтап, сонымен күресіңіз!