Домбырамен ән салған Алексей

Еліміздің «100 жаңа есіміне» кірген Алексей Лодочников Павлодар облысының тумасы. Халық және эстрада әндерін нақышына келтіріп орындайтын студенттің өзі де композитор. Алексей шығарған “Бақыттының бірімін“, “Туған жер“, “Махаббатым-ай“ және “Цунами“ әндерін аймақ халқы жақсы біледі. Тіпті өткен жылы Павлодар облысында жеке 12 концертін өткізіп үлгеріпті. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Back to Top