АСЫЛ МҰРА - Ат мінгізу

♻Ат мінгізу, шапан жабу салты қазіргі күнде де жарасымды жалғасын тауып келеді. Жылқы - көшпенділердің байлығы. Қадірлі қонаққа, ауыл ақсақалына, битөреге, елағасына ат мінгізу құрмет көрсетудің ең үлкені. ♻Ал шапан жабуға келетін болсақ, шапан - қазақтар үшін «жағалы киім» ретінде бағаланады. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» – үлкен құрмет. ♻Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға және сол сияқты елге еңбек сіңірген ардақты, айтулы азаматтарға ат мінгізіп, шапан жабу қазақ халқының ертеден келе жатқан ата салты. ♻Дәл осы салт - дәстүр жайында “АСЫЛ МҰРА“ бағдарламасы сөз қозғамақ.
Back to Top