Қадірлі достар! Кеше салмаққа түсу рəсімі өтерден екі сағат бұрын 77 келі салмақтағы қарсылас жарақат алып қалып бізге шығуға ұсыныс тастады. Біз қабыл алып міне Аллаға шүкір 77 келі салмақта Бейбіт үшінші раундта жеңіске жетті. Бейбіт 70 келі салмақта Кубалық спортшымен шығу керек еді. Бұған дейін хабар бергеніміздей Бейбіттің қарсыласы жарысқа екі күн қалғанда жарақат алған болатын. Біз енді шықпаймыз деп отырғанда осындай ұсыныс болды. Алла қаласа Бейбіттің келесі жарысы өз салмағында желтоқсанның 15-сі Майамиде өтеді. Қазақ Елі жасай берсін