«Жас Ұлан»

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен, Білім басқармасы және Діндерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен №59 мектепте «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қалалық мектеп оқушылары қатарына жаңа жас мүшелерін қабылдау туралы салтанатты іс-шарасын ұйымдастырды. Аталған ұйымға жасөспірімдермен қатар, Орталықпен тұрақты байланыста болған жамағаттың 6 жас пен 16 жас аралығындағы балалары да қабылданды. Аталмыш іс-шараға қалалық Білім басқармасынын өкілі М.Сүлейменова, 59 лицей директоры А.Жұмабекова, Діндерді зерттеу орталығының директор орынбасары Ж.Сүлейменов, «Жас Ұлан» ұйымының төрайымы Д.Садвакасова қатысып құттықтау сөз сөйледі. «Жас ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. Діндерді зерттеу орталығы жаңа Жасұландықтарға ақ жол тілей отыра, Орталық атынан тәттілер мен ойыншықтар сыйлады!
Back to Top