Алға шығатын аруларымыздың бірі – Айбаршын. Тіпті толық аты-жөнін жазбасақ та, көбісі танып жатқан шығар. Себебі ол университетіміздің беделді студенттерінің бірі, жанашыр тұлға, «ССС» қайырымдылық клубының мүшесі, активист.. жалпы жақсы адам.
Дегенмен, айта кетейік, Дүйсенғали Айбаршын – Электроэнергетика факультетінің 4 курс студенті, 21 жаста.
Бала кезден ұлттық би билеп, мерекелік іс-шараларға белсенді қатысқанды ұнатады. Қиналғанда жанындағыларына қолынан келгенше көмек көрсетуден тайынбайды. Үнемі күлімдеп, айналаға жылы шуақ шашып, міндеттерін жоғарғы деңгейде атқарып, әр затқа жауапкершілікпен қарайды