Ашаршылык

1932 жылы Қазақстандағы басқа ұлттар емес, неге тек қазақ халқы қырылды? Бүркіт Аяған Иә, ашаршылықтың ауыртпалығы бізге көбірек түсті, мен оны кеңестік өкіметінің қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығын күйретуімен байланыстырамын. Өйткені қазақтың негізгі тіршілік көзі – мал өсіру болды ғой, басқа күнкөріс көздері жоқтың қасы. Сөйтіп, қазақтың көбі алдымен малынан, артынша жан басынан айрылды. Ал, Қазақстандағы өзге ұлттың өкілдеріне келсек, олардың тұрмыс-тіршілігі отырықшылыққа бейімделген, егін салу, бау-бақша өсіру, балық аулау сияқты кәсібімен аман қалды. Бір мысал келтірейін, 1932-1933 жылдардағы ашаршылықтың куәгері болған 19 жасар Татьяна Невадовскаяның «Казахстанская трагедия» атты өлеңінде «Мен тоқпын. Менде бар нан жоқ оларда» деген сөздер бар.
Back to Top