Маыстауда клік аан жаяу жргінші оиа орнында кз жмды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстауда жолдың тыйым салынған жерін кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше түнде Мұнайлы ауданында болған. Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің кезекші операторының пультіне шақырту сағат 21:40-та түскен. Ынтымақ кентінде «Изнур» жанармай бекетіне қарама-қарсы жерде «Audi C4» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Back to Top