Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды.
Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы.
Қар да ілігіп қалған-ды тау басына,
Мұз тоңды ма бұлақтың жамбасына?
Суық келіп, суыр да жатқан шығар,
Қамдап алып азығын қамбасына.
Төрт түліктен төгілген шалқар әнді,
Ұзатқан-ды, жайлау да тарңаған-ды.
Ескі жұртты тіміскіп, қорқау әлгі
Қажалап та жүрген-ді қаңқаларды.
Сағыныштай сарғайып жанды ма күз,
Сары шәйі жамылып алды ма түз?
Қурайларын сыңсытып сыбызғыдай,
Қаңбағы ұшып, қаңырап қалды ма аңыз?
Әңгімеле тауын да, даласын да,
Қырқасын да, сайын да, саласын да.
Ақбоз үйдің түндігін желпілдетіп,
Қонды ма кеп қойлы ауыл Бозанбайға ?
Бозанбайға қосылып тұна барып,
Жатқан болар іргеде бұлақ ағып?
Арып келіп, тойынып қайтқан болар,
Toп тырналар аспанға сына қағып?
57 views
3261
983
1 month ago 00:01:19 363
22 сентябрь 2024 йыл
1 month ago 00:03:34 1
Тай бәйге 3 - орын Мойнақ торы Кэтмэн - Глэдис Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақай ауылы
1 month ago 00:00:24 227
Vídeo de Таштимер ауылы яңылыҡтары
1 month ago 00:01:00 542
Vídeo de Мораҙым ауыл күп тармаҡлы мәҙәниәт йорто
1 month ago 00:00:49 522
Vídeo de Тыуған ауылым Һаҡтау(Ҡәнзәфәр)
1 month ago 00:00:33 64
Vídeo de Ауылым -Оло Моҡас!!!
1 month ago 00:02:33 34
Vídeo de Абҙаҡ ауылы “Аҡйондоҙ“ балалар баҡсаһы
1 month ago 00:01:22 47
СҚО-да «Бір ауыл - бір өнім» жобасының жеңімпаздары анықталды.mp4