Әлди,жан ботам

ӘЛДИ, ЖАН БОТАМ Әсем әнім өрейін, Өлеңдетіп көрейін. Ұйықтай қойшы бөпешім, Әлди айтып берейін. Қайырмасы: Әлди,әлди жан ботам, Жүрегіме ән қосам. Гүлім деймін, Күнім деймін, Күлімдеймін сен болсаң! Балапаным бал балам, Бағыңды бар ал балам. Елің сүйген Ер болшы, Жаныма нұр сал балам. Қайырмасы: Ботақаным, құлыным, Ұзақ болсын ғұмырың! Шамшырағым әрқашан, Жарқын болсын жұлдызың! Сөзі: Әні: Жанар Ешназар 20/05/2018
Back to Top