Шардарадаы уаыз - Абдуаппар Сманов

Алла елшісі (ﷺ): «Кімде-кім жақсылыққа сілтер болса, онда оған жасаушының сауабындай сауап болмақ», - деп айтқан (Муслим 1893). Сәхл бин Са`д арқылы жеткен риуаятта Алла елшісінің (ﷺ) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаға ант етейін, сенің себепкерлігіңмен бір кісінің болса да тура жолға келуі жер беті толған қызыл түйені Алла жолында беруіңнен де артық» (Бұхари, Муслим). Жақсылыққа шақырушы және жамандықтан тыюшы мұсылмандарды Алла Тағала «Әли Имран» сүресінің, 104 – аятында: «Сендердің араларыңда мынадай жамағат болсын, олар басқаларды игілікке шақырып, жақсылыққа үндесін. Жамандықтан тыюға тырыссын. Міне, осылар нағыз мақсатына жеткендер», - деп сипаттайды.
Back to Top