ЖИГК

Колледж дуалдық оқыту жүйесі бойынша аудан, облыс, республика деңгейінде қызмет ететін кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестік негізінде жұмыс жасай отырып, білікті мамандарды дайындауда! Колледж «Инновациялық Жаңаарқа - 2017» көпсалалы кәсіптік бағдарлау конкурсы, «Болашақ – жастарда!» жастар форумы, «Желілік этикет және PR» семинары, «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық концерті сияқты бірегей шараларды ұйымдастырып, аудан жастарының кәсіптік және тұлғалық өсіне жағдай жасауда. Колледж жалпы негізгі (9-сынып) және орта (11-сынып) білім базасында талапкерлерді қабылдап, еңбек нарығында ерекше сұранысқа ие мамандықтар бойынша күндізгі (дуалдық оқыту жүйесіне сәйкес) және сырттай оқу бөлімдерінде мемлекеттік тапсырыс және ақылы негізде кадрларды дайындайды.
Back to Top